1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі

1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі

Құрметті аудан тұрғындары, құрметті жерлестер!

 

Сіздерді 1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын!

Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Қазақстанда жүзден аса ұлттар мен ұлыстар тұрады. Олардың барлығы еліміздің ашық аспаны мен көк тудың астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Ұлтына, дініне, тіліне қарамастан теңдей білім алып, Қазақстан Республикасының Ата заңы негізінде өздерінің Отанына айналған қазақ еліне барынша қызмет етіп, беделін үстем етіп келеді.

Бірлік - баға жетпес ең басты байлығымыз. Бірліктің арқасында біз Тәуелсіз Қазақстан құрдық, ата-бабаларымыздың аңсаған аманатын орындадық.

 ​Осы жылдардың ішіндегі жеткен жетістіктеріміздің барлығы елдің бірлігі, халықтың арасындағы тыныштықтың арқасы.

Олай болса, бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлт-аралық татулық әрдайым берік болып, әр қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! Мерекелі күндерге жеткізген берекелі тірлігіміз баянды болсын.

Мереке құтты болсын!

 

Ізгі ниетпен,

Қорғалжын ауданының әкімі Б.Жанбаев