Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы атаулы және мерейтойлық күндерді мерекелеу аясында барлық білім беру ұйымдарында «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» атаумен қазақ халқының тарихына енген жоңғар шапқыншылығы қасіретінің 300 жылдығына орай түрлі іс-шаралар өткізіп жатыр.
Өскелең ұрпаққа қазақ халқының жадына, тарихына және күресіне деген құрмет сезімін баулау мақсатында мектептерде практикалық сабақтар, танымдық тарихи сағаттар, бейне шолулармен және эссе жазумен, деректі шежірелерді қараумен ашық сабақтар өткізіледі.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның Қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет» тақырыбында өткізілетін дөңгелек үстел білім алушыларға еліміздің ең қайғылы кезеңінің тарихымен танысуға, пікір алмасуға және жоңғарлармен соғыстың тарихи кезеңін білудегі ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Тарих пәні мұғалімдері «Отанды қорғаудағы халықтың бірлігі мен батылдығы» атты диалог алаңына қатысты, онда жастарды патриоттық тәрбиелеудің өзекті мәселелері талқыланып, жас педагогтарға әдістемелік көмек көрсетілді.
Педагогтар мен жоғары сынып оқушыларының белсенді қызығушылығы тарихи оқиғаның тереңдігін, трагедиясын бейнелейтін және қазақ тарихында өшпес із қалдырған «Елім-ай» әнін талдауға түрткі болды.
Сонымен қатар, мектеп кітапханаларында «Қазақстанның дербестігі үшін күрес» атты кітап көрмелер ұйымдастырылды. Жас оқырмандар бүкіл қазақ халқы күштерінің бірігуі арқасында басқыншыларды жеңуі, қазақ халқының тәуелсіздігін және қазақ жерінің аумақтық тұтастығын қорғап қалуына себеп болған еліміздің ең қайғылы кезеңінің тарихымен танысты.
«Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама -300 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар жалғасуда.