Парасаттылық құндылықтарын дәріптеу арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Antikor ағартушылық пулының спикері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қазақстандық ардагерлер ұйымы» төрағасының орынбасары, облыстық Қоғамдық кеңесінің Заңдылық, адам құқықтары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшесі – А.Н.Тілеубердинов Қарағанды қаласының Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі оқытушыларымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылып жатқан шаралар, ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер және Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу қағидалары туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ, Аркадий Тілеубердинов оқу орындарында қызмет атқаратын комплаенс қызметінің маңыздылығына тоқталып, Агенттіктің 1424 колл-орталығы жайында еске салып өтті.