Қадірлі ұстаздар! Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қадірлі ұстаздар! Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қадірлі ұстаздар!
Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Өздеріңізге деген ыстық пейіл мен өлшеусіз құрметті қабыл алыңыздар.
Бүгінгі қоғамда нәзік жандылар сан түрлі саланың қыр – сырын меңгерген. Оның ішінде шаңырақ берекесімен қатар, әлеуметтік өмірдегі қызметтің тізгінін тең ұстаған, еңбекқорлығымен, жауаптылығымен және кәсібилігімен ерекшеленген ұстаздардың орны ерекше.
Бұл сөзімнің бір ғана дәлелі, қазаргі таңда облыстағы білім беру ұйымдарында 25 мыңнан астам ұстаздар қызмет етсе, солардың 85 пайызын нәзік жандылар құрайды.
Бұл дегеніміз – әйел-ұстаздардың еліміздің ең басты байлығы адами капиталын дамыту жолында, яғни өскелең ұрпаққа білім беру жолындағы белсенділігі, беделі мен мәртебесінің көрінісі.
Ел ертеңі – жас ұрпақ қолында, ал ұрпақ тағдыры – ұстаздың қолында. Халқымызда «ұстаз тәрбиесін алған», «ұстаз алдын көрген» деген сөздер бар. Ол «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып, ұстаз тәрбиесі биіктігін дәлелдеп тұр.
Ұрпақ тәрбиесінде, елдің ертеңін қалыптастыруда еселі еңбектеріңіз бен қажырлы қайраттарыңыздың қарымды үлесі жатыр. Сіздердің білім саласын дамытудағы жетістіктеріңіз — өлшеусіз еңбек, зор мақтаныш!
Тағы бір мәрте шуақты көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қызметте толайым табыс, баянды бақыт, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбіршілік пен ортаймас несібе-дәулет тілеймін!

Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертлеуова