🔹Өндірістік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлері мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды мерзімді, 3 жылда кемінде 1 рет кадрларды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімін тексеруден өтуге міндетті.
🔹Басшы қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту мембақылау органдары мамандарын, оқу орын-дарының оқытушыларын, тәжірибелі заңгерлер мен инженерлік-техникалық қызметкерлерді және ірі өнеркәсіп ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін тарта отырып жүргізіледі.
🔹Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша басшы қызметкерлердің білімін тексеруді оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін біліктілікті арттыру курстарында еңбек жөніндегі аумақтық мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған, құрамы үш адамнан кем болмайтын емтихан комиссиясы жүргізеді.
🔹Емтихан комиссиясының жұмыс істеуі тұрақты негізде жүзеге асырылады.
🔹Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өткен басшы қызметкерлерге Қазақстанның барлық аумағында жарамды белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.
🔹Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтпеген басшы қызметкерлер білімін қайта тексергенге дейін өздерінің атқаратын лауазымдарында қалады.
🔹Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін қайта тексеруден өтпеген басшы қызметкер жұмыстан шеттетіледі.
🔹Жұмысқа қабылданған басшы қызметкерлер еңбек шартына қол қойған күннен бастап 1 айдан кешіктермей еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімін тексеруден өтеді.
ҰЙЫМДАРДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӘСІПТЕР БОЙЫНША ОҚЫТУ ЖӘНЕ БІЛІМІН ТЕКСЕРУДІҢ ТӘРТІБІ
🔹Жұмысқа қабылданған адамдар міндетті түрде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыс беруші ұйымдастырған алдын-ала оқытудан өтеді.
🔹Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және білімін тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
🔹Қызметкерлерді қызметтік кәсіптері бойынша оқыту және білімдерін тексеру жылына кемінде 1 рет жүзеге асырылады.
🔹Қызметкерлерді қызметтік кәсіптері бойынша оқыту еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау білімдерін тексерумен аяқталады.
🔹Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімі тексерілетін қызметкерлер оны өткізуден 30 күн бұрын ескертілуге тиіс.
🔹Білімін тексеруден ойдағыдай өткен қызметкерге куәлік беріледі.
🔹Оқытуды жұмыс беруші тиісті саладағы жоғары білікті мамандарды тарта отырып жүргізеді.
🔹Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқу бағдарламалары жұмыс берушімен бекітіледі.
🔹Еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне өндірістік оқыту оқу сыныптарында, шеберханаларда, учаскелерде жүргізіледі.
🔹Қызметкер қанағаттарлықсыз деген баға алған жағдайда, білімін қайта тексеру бір айдан кешіктірілмей белгіленуі керек. Білімін қайта тексеруге дейін қызметкер өздік жұмысқа жіберілмейді.
🔹Қызметкерлерді оқыту жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Сіз өз еңбек құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жүгінуге құқығыңыз бар.
Басқарманың мекенжайы: Шымкент қаласы, С.Бәйтереков көшесі, 89
Байланыс нөмірі: +7 (7252) 27-38-35, 27-38-44.