Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек облыс тұрғындарымен кездесіп, министрлік атқарып жатқан жұмыстарды баяндады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек   облыс тұрғындарымен кездесіп,  министрлік атқарып  жатқан жұмыстарды баяндады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек облыс тұрғындарымен кездесіп, министрлік атқарып жатқан жұмыстарды баяндады. Халықтың сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

- Бүгін, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және электрондық форматқа ауыстыру 94 пайызға жеткізілді. Кеңінен қолданылатын сервистер Халық және Каспий сияқты танымал платформаларда қолжетімді. Бұл платформалардан 20 құжат түрін цифрлық нұсқада жүктеу мүмкін. Бұл сервистер 7 млн-нан астам рет қолданылды.

Жалпы, еліміз бойынша цифрландыру қарқыны жақсы, алдағы мақсат - проактивті жұмыс форматына көшу. Ондай қызметтердің саны бүгін 26-ға жетті. Сондай-ақ, 38 мемлекеттік қызмет түрін ХҚКО-ға (ЦОН) бармай-ақ, бейне-қызмет арқылы алу мүмкіндігін іске асырдық. Олардың саны әлі өсетін болады» деп атап өтті вице-министр.
Байланыстың сапасы – басты мәселелердің бірі. Сондықтан байланыстың сапасын жақсарту бойынша атқарылған жүйелі шараларға тоқталу маңызды.

Бұл бағыттағы жұмыстар тексеру шараларын күшейту және айыппұл механизмі арқылы байланыс операторларының белсенділігін арттыруға бағытталған. Көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін байланыс операторларының жауапкершілігін арттыру мақсатында осы жылы Министрлік айыппұлдарды ұлғайту бойынша заңнамаларға түзетулер енгізді (100-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін және 200 ден 15 000 айлық есептік көрсеткішке дейін). Бұл түзетулер 2022 жылғы 10 қыркүйекте күшіне енді.

2022 жылы космостан жасалған мониторинг қорытындысы бойынша Абай облысында 368 заңсыз пайда болған қалдықтар анықталды.
Космостық мониторинг бойынша дала және ормандағы өрттердің және су тасқындарының алдын алуға болады. Олардың нақты қай жерде орналасқанын, географиялық координаттарын, қандай елді мекенге жақын орналасқандығын, жақын орналасқан маңызды нысындарды білуге болады.

Сонымен қатар Асхат Оразбек Абай облысындағы кеңжолақты ғаламтордың аудандардағы қолжетімділігі туралы айтты.

Көптеген елді-мекендерде мобилді технология 3G/4G қамтылған. Кейбір ауылдарда тұрғындар саны 250 аспаса, ғаламтормен қамтамасыз етуді спутниктік стационарлық жүие арқылы орналастыру жоспарланып отыр.

«JerInSpectr» платформасы елімізде 1 шілдеден бастап енгізілді. Бұл жоба арқылы жер қатынастары туралы жұмыстарды адал және жан-жақты жүргізуге мүмкіндік бар. «JerInSpectr» платформасының қызметкерлері Абай облысы бойынша жерді пайдаланудың 2 084 заңсыз әрекеттерін анықтап, олардың 2 жерді заңды пайдалану туралы нұсқаулықтар жолданған. Жерді пайдаланудың заңдылығын тексеру бойынша 326 ісі Абай облысының жер инспекциясында қарауында. 12 бойынша заң бұзушылықтар анықталмаған.
Жалпы бұл плотформа арқылы бизнес іс-әрекеттерді автоматтандыруды қамтамасыз етіп цифрландыру форматына көшіруге мүмкіндік бар.