Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімін қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады. Ол ағымдағы жылдың 11 айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жайлы айтып берді.

Мемлекет басшысына өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқыны туралы баяндалды. Облыс әкімінің мәліметінше, өнеркәсіптің барлық саласында оң үрдіс байқалады. Атап айтқанда, бұл сала 6 пайызға өскен.

Кездесу барысында аймақтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, оның ішінде жылу және сумен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайына айрықша назар аударылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

akorda.kz