Жаңа жыл жақындап келеді және онымен бірге балалар ертеңгіліктерінің уақыты да келді. Қарағанды мен Теміртауда ертегі кейіпкерлерімен шыршаның айналасында би билеу, көңілді ойындар және Аяз атаға өлең оқу. Осының барлығын біздің төмендегі афишадан біле аласыздар.
Кеншілер мәдениеті сарайы
20 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін
Көңілді жаңа жылдық ертеңгіліктер.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер және 5-11 сынып оқушыларына арналған дискобағдарламалар. Көңілді ойындар, конкурстар, шырша маңындағы билер, Аяз атаның дорбасынан тәтті сыйлықтар және естелік фотосуреттер.
К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры
20 желтоқсан 12:00, 14:00
21 желтоқсан сағат 10:00-де
22 желтоқсан 10:00, 16:00
23, 29 желтоқсан 14:00
28 желтоқсан сағат 16:00-де
31 желтоқсан 10:00, 12:00
Жаңа жылдық қойылым және «Ханзада ханшайымды қалай іздеді» ертегісі.
Бірде ханзада үйленетін уақыт келді деп шешті, ол үшін нағыз ханшайым қалыңдықты іздеу керек болды. Ханшайым ханзадаға лайық болуы тиіс еді. Себебі ханзада жақсы тілалғыш бала еді. Бұл істі біреуге қайта тапсырудан ханзада бас тарта отырып, өзі жолға шығады. Жолда оны керемет шытырман оқиғалар күтеді, өйткені, ханшайымдардың барлығы дерлік қылықты, жайсаң емес екені анықталады.
Теміртау мәдениет сарайы
24—30 желтоқсан, 3 және 4 қаңтар аралығында 10:00, 12:00, 14:00, 16:00
«Ғажайып ормандағы Жаңа жыл» бағдарламасы.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер. Балаларды көңілді ойындар, билер, қызықты конкурстар, Аяз атадан тәтті сыйлықтар күтеді. Және міндетті түрде жаңа жылдық кейіпкерлермен естелік фотосурет.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған Теміртау театры
24 желтоқсан сағат 10:00-де
2 қаңтар сағат 12:00-де
3 қаңтар сағат 14:00-де
«Қар адамының қулықтары» жаңа жылдық бағдарламасы.
Жаңа жылға дейін ертегі кейіпкерлері қиындыққа тап болды: қар адам ертегілерге кіріп, олардың орнын тартып алуға тырысады. Көмек алу үшін олар Аяз атаға жүгінді. Жаңа жылдық қойылымда балалар ертегі кейіпкерлерінің қандай сынақтардан өтуі керек екенін және қар адамының ең қымбат тілегі қандай екенін біледі.
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры
17 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін сағат 9:30-дан бастап күні бойы, Қызыл зал
Шыршадағы жаңа жылдық қойылым және «Бұршақ үстіндегі ханшайым» мюзиклі.
Жаңа жылдық шоу шыршаның жанында 30 минуттық қойылымнан басталады. Содан кейін кішкентай көрермендер «Бұршақ үстіндегі ханшайым» мюзиклін көреді. Бұл әр балаға таныс Г.-Х. Андерсеннің ертегісі. Ол алғашқы әсер алдамшы болуы мүмкін екенін үйретеді, ал бақыт көбінесе есігіңді қағып тұратынын баяндайды.
17 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін сағат 9:30-дан күні бойы, Кемпірқосақ залы
Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен балаларға арналған «Қоянның Жаңа жылы» интерактивті ертегі.
Қоян қонақтарды Жаңа жылға асыға күтеді, дәмді тағамдар дайындайды және шыршаны безендіреді. Бірақ Аяз ата мен Ақшақар тек ата-анасының тілін алатын және тәрбиелі балаларға қонаққа келеді. Сондықтан қоян мен балалар мерекелік дастархан басында мінез-құлық ережелерімен танысады.
«Буратино» қуыршақ студиясы
17 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін сағат 9:30-дан бастап, күні бойы
шырша маңындағы жаңа жылдық қойылым және «Жаңа жылдық тікенектер» қуыршақ ертегісі.
Спектакль Соника мен оның достары Эми мен Тейлз тұлкісі туралы баяндайды. Олар көмекке асығып, игі істер жасайды. Доктор Эгман мәңгі жасауды және Сониктің энергиясын тартып алуды армандайды. Бұл оқиғада кім жеңеді?
Қойылымнан кейін балаларды Аяз ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаның алдында қойылым күтеді.
С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры
20–31 желтоқсан аралығында 10:00, 12:00, 14:00, 16:00
«Жарқыра, жайна жаңа жыл!» және «Мұзды өлке» ертегісі.
Ертегіде зұлым Малефисента Аяз Ата мен Ақшақарды кімге айналдырады? Ол жайлы біз сіздерге барлық құпияны ашпаймыз. Мұз елінің ханшайымы Анна мен Эльза және Құтқарушы күшіктер Жаңа жылды қайтаруға көмектеседі.
Бірақ мұның бәрі ертегі қыздарының шытырман оқиғалары емес. «Мұзды өлке» спектаклінде зұлым Аяз бен Ханзада Ханс Кристофф пен Аннаның үйлену тойына кедергі жасауға тырысады. Олар сондай-ақ сиқырлы күштері бар Эльзаны ұрысқа шақырып, жерді мәңгілікке қармен жауып тастамақшы.