Егеменді еліміздің болашағы- білімді жастардың қолында

Егеменді еліміздің болашағы- білімді жастардың қолында

5 қазан Республика күні мерекесіне орай, Іле ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі  Азамат Серікұлы Жандосов  жас мемлекеттік  қызметшілердің қатысуымен  «Еңсесін асқақтатқан Тәуелсіз Қазақстан» атты  семинар өткізді.  Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға  Энергетический ауылдық округінің  Ақсақалдар алқасының төрағасы Сейдәлиев Мақсат, «Іле ауданының құрметті азаматы», аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Жәбиева Мейрамкүл Түйебайқызы жастарға тұғыры биік тарихи мерекенің болашақта тәуелсіздігімізді дәріптеп, нығайтуға септігін тигізіп, Қазақстанның тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы осы күнмен байланысты екенін түсіндірді. Бүгінгі күні  егемендік алған жылы дүниеге келген бала, ел тізгінін ұстайтын жасқа келді. Осы орайда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Егеменді еліміздің болашағы- білімді жастардың қолында» деп атап өткені, келешек ұрпаққа сенім артқанын көрсетеді. Семинар барысында үшбуынның өкілдері өзара пікіралмасып, Жаңа Қазақстанның болашағы туралы пікір алмасты.

Қатысқандар саны-20