
Вирусты гепатиттер - бауырдың қабыну аурулары болып табылады. Олар бірқатар себептерге байланысты пайда болады, олардың негізгі себебі – вирустық инфекция. Көбінесе төрт түрі кездеседі: "А", "В", "С" және "D" вирусты гепатиттер.
Жедел вирусты гепатит - бұл әртүрлі берілу жолдары мен эпидемиологиялық ерекшеліктері бар гепатотропты вирустардан туындаған бауырдың диффузды қабыну ауруы.
Инфекция науқас адамнан сау адамға беріледі:
Жамбыл облысында 2022 жылдың 6 айында жіті вирусты гепатиттердің 7 жағдайы тіркелді (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 0,61 құрады), 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 1 жағдай тіркелді (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 0,09 құрады).
2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жіті вирусты гепатитпен сырқаттану 6 жағдайға ұлғайды, оның ішінде "А" вирусты гепатиті - 5 жағдайға, "С" гепатиті – 2 жағдайға. Айта кету керек, "В" вирусты гепатитімен ауыру 1 жағдайға төмендеген, этиологиясы анықталмаған "D" вирусты гепатиті тіркелмеген.
Вирусты гепатиттердің алдын алудың негізгі шаралары:
- А, В және Е гепатитіне қарсы вакцинация;
- жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау;
- таза су мен қауіпсіз тамақ ішу;
- жеке гигиеналық құралдарды қолдану (маникюр және педикюр керек- жарақтары, ұстаралар, тіс щеткалары);
- зарарсыздандырылмаған жағдайда пирсинг пен татуировка жасамаңыз;
- жыныстық қатынас қауіпсіздігі;
- медициналық құралдар мен жабдықтардың зарарсыздығын сақтау.