Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бос лауазымға орналасу үшін алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге іріктеу жариялайды:
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлердің лауазымдық жалақысы: C- SV-13 – 94316 (Еңбек сіңірген жылдарына байланысты).
Іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптар: Іріктеуге қатысушының жасы 35 жастан аспауы шарт. Білімі орта. В,С және одан да басқа санатты жүргізуші куәлігі бар. Жүк автокөліктерінде жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес. Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырған азаматтар қабылданады.
Құқық қорғау органдарының лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады: қатардағы және кіші басшы құрамға 3-бағдарлама бойынша.
Лауазымдық міндеттері: Өрт орнына өрт сөндіру автомобилімен жеке құрамды жеткізу. Бекітілген техниканың сондай-ақ оларға орнатылған механизмдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Бөлім қарамағындағы өрт сөндіру автомобильдерінің барлық түрлерін әртүрлі жол және метеорологиялық жағдайларда басқара білу. Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүргізе білуге міндетті.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 17-25 тамыз аралығында
Құжаттарды қабылдау орны: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылдық округі, Еркін ауылы, Ащыбұлақ көшесі №4/4 үй. Анықтама телефоны: (8-7282) 41-61-12, электрондық мекен-жайы: ukp_spasr_zhetisu@emer.kz