Ordabasy: Күш атасы - Қажымұқан Мұңайтпасұлының құрметіне жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншілік өтті
Өткен демалыс күндері аудан орталығы Темірландағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда Қазақ күресінен 2007-2008 жылғы жасөспірімдер арасында ұлт тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан – Қажымұқан Мұңайтпасұлының 151 жылдығына арналған аудандық ашық біріншілік өтті.
Жарысқа барлық қалалық, аудандық Дене шынықтыру және спорт бөлімдері, аудандық БЖСМ мен спорт клубтарының командалары арасынан жеке-жеке 38, 42, 46, 50, 55, 60, 66, 73, +73 келі салмақ дәрежесінде жалпы 160 спортшы қатысты.
Спорттық сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейтқұл қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыста бабы мен бағы қатар шапқан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан арнайы диплом, медаль және бағалы сыйлықтар табысталды.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі