Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау 2021 жылдың 2 тоқсанында автоматты түрде ұзартылмайды. Мемлекеттік органдарда адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін, egov.kz портал арқылы құжаттарды беру тетігі оңтайландырылды. 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш беру қажет.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларындағы құжаттардың АӘК тағайындау критерийлеріне сәйкестігін тексереді. Учаскелік комиссия отбасын материалдық – тұрмыстық тексеру актісін жасайды, оның нәтижелері бойынша АӘК тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданады.
Егер тоқсан ішінде отбасы құрамы, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі өзгерсе, өтініш беруші «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не, Бұқар Жырау даңғылы 51/4 мекен-жайы бойынша, тел.996402, 996404 хабарлауы қажет.
Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары:
- Н. Назарбаев даңғылы, 39 үй, Қарағанды қаласының әкімдігі «Open Karaganda»;
- 17 ш / аудан, 42 үй, "Қарағанды қ.Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" КММ;
- 22 ш / аудан, 20 үй, "Қарағанды қ.Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" КММ»;
-Архитектурная к-сі, 10 үй, Қарағанды қ. Октябрь ауданы, АХАТ;
- Пичугин к-сі, 235/2 үй, "Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" КММ;
- Б.Жырау даңғылы 51/4, "Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ, тел. 996402, 996404;
- Поспелов к-сі, 16 үй "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ.