Құрметті жерлестер!

Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 Мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл жарқын күн бірлікті, бейбітшілікті, жасампаздық пен еңбекке деген құрметтеуді білдіреді. Әр түрлі кәсіптегі, жастағы және ұлт өкілдерінің басын біріктіріп, бізді игі істерге, жанашылдық пен жетістіктерге баулыйды.

Бүгін біз өз еңбегімен қаламызды салып, көркейткендерді алғыспен еске аламыз. Енді оның өркендеуіне әрқайсыңыз - өнеркәсіпте, білімде, денсаулық сақтауда, мәдениетте, тағы басқа салаларда үлес қосып жатырсыздар.

Өз үлгілерімен жас ұрпақты еңбексүйгіштік, жауапкершілік пен туған жеріне сүйіспеншілік рухында тәрбиелеп отырған еңбек ардагерлері мен еңбек ұжымдарына ерекше алғысымды білдіремін.

Бір шаңырақ астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, елімізде ұлтаралық келісім әрқашан берік болғай!

Баршаңызға бақыт пен береке тілеймін!

Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М.