Жолаушылар тасымалының сапасын арттыру және қала тұрғындары мен іргелес кенттер үшін жайлылықты жақсарту мақсатында өңірде қоғамдық көлікті кезең-кезеңімен жаңарту жалғасуда. Барлығы 17 автобус Nº1,2 және 3 қалалық маршруттарда жүреді. 2019 жылы 5 бірлік автокөлік сатып алынды, 2023 жылы тағы 5, ал ағымдағы жылы қазіргі уақытқа дейін жұмыс істеп тұрған модельдерді ауыстырып, ПАЗ маркалы 10 жаңа автобус сатып алынды.
Халыққа ыңғайлы болу үшін автобустардың көпшілігі қосымша жылжымалы баспалдақпен жабдықталған. Нәтижесінде жылжымалы құрамды жаңарту пайызы 95 % жетеді.
Жолаушылар тасымалы жүйесінің сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстар алдағы уақытта да жалғастырылатын болады.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі