31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

2026 жылы 20 мамыр күні  31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар аясында, кенттің Қоғамдық келісім кеңесі Жастар ресурстық орталығымен, Мәдениет үйімен, №16 кітапхана филиалымен және №11 ЖББМ-мен бірлескен «Тарихи жады – қоғам бірлігінің негізі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың тарихи өткенге деген құрметін тәрбиелеу.

 Іс-шараға Шахтинск қаласының ЖРО КММ конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау секторының меңгерушісі Майборода Елена Сергеевна, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері және №11 ЖББМ оқушылары қатысты.

Қоғамдық келісім кеңестерінің негізгі міндеттері – ортақ мүдделерді іздеу жолында сындарлы пікірталас алаңын қалыптастыру; әртүрлі әлеуметтік топтар мен этномәдени бірлестіктерді қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту үдерісіне тарту; пікірталасқа қатысушылардың ұстанымдарын жинақтау; әлеуметтік шиеленістің алдын алу екенін атап өткен жөн. Кеңес құрамында кентіміздің әртүрлі жастағы және түрлі мамандық иелері бар тұрғындары кіреді. Алайда олардың барлығын туған жерге деген сүйіспеншілік пен тұрғындардың өмірін рухани бай әрі мазмұнды етуге деген ортақ ниет біріктіреді.

«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ

бас маманы Л.Чобанюк