«Ерліктеріңіз мәңгілік» атты акция

«Ерліктеріңіз мәңгілік» атты акция

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Новодолинский кентінде «Ерліктеріңіз мәңгілік» атты акция өткізілді. Кент әкімі Е.С. Исатаев, әкім орынбасары Т.И. Ильязова және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.М. Куцай тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, оларды келе жатқан мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында олардың жанқиярлық еңбегі мен Жеңіске жетуге қосқан зор үлесі үшін алғыс белгісі ретінде азық-түлік себеттері мен гүлдер табысталды.

Бұл акция жыл сайын өткізіліп келеді және соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ауыр еңбегі мен қайсарлығы болашақ ұрпақтың бейбіт өмірінің негізі болғанын білдіретін зор құрметтің белгісі болып табылады.

«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ