
Бүгін Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығын атап өтуде. Жеңіс күнін мерекелеу – біздің кент үшін маңызды оқиға. Соғыс жылдарының даңқты шежіресінде жерлестеріміз – Новодолинский кенті тұрғындарының да ерлігі бар екенін мақтан тұтамыз.
Жеңіс стеласына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Кент әкімі Е. С. Исатаев, кент Ардагерлер кеңесінің төрағасы Н. М. Куцай және кент тұрғындары жерлестерімізге деген құрмет пен шексіз алғыс белгісі ретінде гүл шоқтарын қойды.
Кенттің Мәдениет үйінде «Ұлы ерлік – Ұлы Жеңіс» атты мерекелік концерт өтіп, концлагерь тұтқыны Е. В. Корнюшкинаны құрметтеу рәсімі ұйымдастырылды. Ол мерекелік іс-шараға арнайы келіп қатысты.
Концерт жайлы әрі ерекше атмосферада өтті. Жас өнерпаздар сол бір ауыр кезеңнің рухын сезіндіре білді. Соғыс жылдарының әндері шырқалып, әсем би нөмірлері ұсынылды.
Бүгін бүкіл кент болып, соғыста қаза тапқан, біздің бейбіт әрі бақытты өмір сүруіміз үшін жанын қиған жандарды еске алып, тағзым етеміз. Бұл – халқымыздың, бүкіл адамзаттың және әрбір адамның ортақ мерекесі.
Мереке құтты болсын! Жеңіс күні құтты болсын!!!!
«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ