«Естелік гүлдері» акциясын

«Естелік гүлдері» акциясын

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында кент әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Көктемгі көңіл-күй» акциясы өтті. Кент әкімі биылғы жылы мерейтойларын атап өтетін кентіміздің байырғы тұрғындарын алда келе жатқан мерекемен құттықтап, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығы мереке қарсаңында «Естелік гүлдері» акциясын өткізді. Акция аясында тыл еңбеккерлері мен концлагерь тұтқындарына жылы лебіздер білдіріліп, гүл шоқтары сыйланды.

Іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге әкім аппараты, Мәдениет үйі және Жастар ресурстық орталығы атсалысты. Құрметті нәзік жандарға көктемгі көңіл-күй мен жарқын күлкі сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырған барлық ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс айтамыз.

«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ