Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы

Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы

2026 жылы  24 ақпанда Новодолинский кенті Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа кент әкімі Е. Исатаев қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:       

- Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талқылау;

- Кеңестің 2025 жылғы жұмысының қорытындысы;

- 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылау.

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері талқыланып, жаңа жоба елдің стратегиялық даму бағытын айқындайтыны және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғаны атап өтілді. Кеңес 2026 жылғы 15 наурызда өтетін референдумға тұрғындардың белсенді қатысуы мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Кент әкімі Е. Исатаев Кеңес жұмысының маңыздылығын атап өтіп, атқарылған нәтижелі жұмыс үшін алғысын білдірді және қоғамдық келісімді нығайту, халық бірлігін сақтау, сондай-ақ жастармен патриоттық тәрбие бағытында жұмысты жандандыруды жалғастыруға тілектестік білдірді.