
22 ақпанда Масленица мерекесіне арналған іс-шаралар аясында Новодолинский кентінің тұрғындары «Масленица той-думаны» атты мерекелік бағдарламаға қатысты.
Мәдениет үйі барша отбасыға арналған ойын-сауық бағдарламасын дайындады. Мерекелік сауда ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушылар көңілді сайыстар мен жарыстарға қатысып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.
Көңілді атмосфера, мерекелік көңіл күй бұл мерекені ұмытылмастай етті.