
Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 37 жыл толуына орай, 2026 жылғы 11 ақпанда кент әкімі аппараты Мәдениет үйімен, Жастар ресурстық орталығымен және кенттің қоғам белсенділерімен бірлесіп, осы атаулы датаға арналған іс-шара өткізді.
«Ұрпақтар жадындағы өшпес мәңгі естелік» атты кездесуге ауған соғысының ардагерлері және №11 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысты.
Аталған соғыстың аяқталғанына 37 жыл өтсе де, сол оқиғалардың куәгерлері әр күнін кеше ғана өткендей еске алады. Кездесу қонақтары уайым мен қауіп-қатерге толы әскери қызмет жылдары туралы әңгіме айтып, жауынгерлік тапсырмаларды қалай орындағандарын, антқа адал болғандарын жеткізді. Сонымен қатар, сол майданда қаза тапқан жерлестерін еске алып, жиналғандар олардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Ауған соғысы тарих қойнауына енгенімен, оған қатысқандардың жүрегінде ұзақ уақыт сақтала бермек.
Ауған соғысының ардагерлері оқушыларға ашық аспан, жарқын болашақ және ертеңгі күнге сенім тілеп, алдағы уақытта елінің сенімді қорғаны болуларына ниет білдірді.
Бұл кездесу барлық қатысушылардың жадында сақталары сөзсіз: ауған соғысы ардагерлері үшін – естелікке толы күн болса, оқушылар үшін – шынайы ерлік пен табандылықтың, отансүйгіштіктің жарқын үлгісі болды.
"Новодолинский кенті әкімінің аппараты"ММ