2026 жылғы 13 ақпанда Новодолинский кентінің әкімі Е. С. Исатаевтың 2026 жылға арналған бекітілген кент әкімінің халықпен кездесу кестесіне сәйкес кездесуі өтті

2026 жылғы 13 ақпанда Новодолинский кентінің әкімі Е. С. Исатаевтың 2026 жылға арналған бекітілген кент әкімінің халықпен кездесу кестесіне сәйкес кездесуі өтті

2026 жылға арналған кездесулердің бекітілген кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 13 ақпанында Новодолинский кентінің әкімі Е.С. Исатаевтың халықпен кездесуі өтті. Кездесу барысында тұрғындарға 2025 жылдағы кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп және 2026 жылға арналған даму жоспарлары таныстырылды.

Кездесуде ҚТҚ жинау алаңдары маңына жарықтандыру тіректерін орнату, кент саябағындағы шамдарды ауыстыру мәселелері көтерілді, сондай-ақ иесіз интернет және байланыс сымдарына қатысты мәселе қозғалды.

Кездесуде көтерілген барлық мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктелді.

"Новодолинский кенті әкімінің аппараты"ММ