БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өртеніп жатқан жедел жәрдем көлігіндегі ауыр науқасқа қажетті көмек көрсетті

БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өртеніп жатқан жедел жәрдем көлігіндегі ауыр науқасқа қажетті көмек көрсетті

2025 жылғы 1 сәуір күні кешкі уақытта Орал – Атырау тасжолын патрульдеу барысында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Тимур Умбетьяров пен полиция кіші лейтенанты Ерлан Габдушев жедел жәрдем көлігінің мотор бөлігінен шыққан өртті байқайды.

Жедел жәрдем көлігі Бәйтерек ауданына қарасты Үлкен Шаған ауылынан Орал қаласына қарай бағыт алған, ішінде ауыр жарақат алған 51 жастағы әйел болған. Өрт Щапово ауылы маңында орын алды.

Полицейлердің жедел әрекет етуі мен бейжай қалмаған жүргізушілердің көмегінің арқасында өрт дер кезінде сөндіріліп, қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды. Өртті сөндіргеннен кейін тәртіп сақшылары науқасты дереу медициналық мекемеге дейін қауіпсіз жеткізіп салуды ұйымдастырды.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі жанкешті әрекеттері әйел адамның өмірін сақтап қалуға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.