Оралда сауда дүкеніне кіріп, тәттілерді алып кетпекші болған ер адам ұсталды

Оралда сауда дүкеніне кіріп, тәттілерді алып кетпекші болған ер адам ұсталды

Орал қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйінде супермаркеттің терезесін сындырып, ішке кіріп, бірнеше шоколадты алып кеткен ер адамды ұстады.

Оқиға туралы хабарды бей-жай қарамайтын азаматтар дер кезінде жеткізгеннің арқасында полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына барып, құқықбұзушыны қолға түсірді. Ұрланған тәттілер тәркіленді.

Тексеру барысында ұсталған азаматқа қатысты бұған дейін сотпен әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша ерекше талаптар белгіленгені анықталды. Қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені және сот шешімін орындамағаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сонымен қатар, ұсталған азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысын жалғастыруда және азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.