Орал қаласында полициядан жасырынуға тырысқан жалған мемлекеттік нөмірлері бар жүргізуші ұсталды

Орал қаласында полициядан жасырынуға тырысқан жалған мемлекеттік нөмірлері бар жүргізуші ұсталды

2024 жылғы 9 қаңтарда Орал қаласында Әбілқайыр хан даңғылында патрульдік полиция қызметкерлері "Mercedes Benz"маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушінің жалған мемлекеттік нөмірлері бар көлік құралын басқарғанын анықтады.

Әкімшілік хаттама жасақтап болғаннан кейін жүргізуші полициядан жасырынуға тырысты. Оны ұстау үшін қосымша жасақтар мен автопатрульдер тартылды. Тәртіп бұзушы қызметкерлердің тоқтау талаптарын елемей, жолдарда қауіпті жағдайлар туғызып, бағдаршамның тыйым салу белгісінен өтіп, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірді.

Полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында көлік Молдағұлова көшесінде тоқтатылды. Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін бірден бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды.

Құқық бұзушының көлігі арнайы автотұраққа жеткізілді. Полиция жалған мемлекеттік нөмірлерді қолдануға тиым салынғандығын және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керек екендігін еске салады. Осындай әрекеттер әкімшілік және кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілік әкеліп соғатын еске саламыз.

 

БҚО ПД Баспасөз қызметі