Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Орал қаласында көлік жүргізу кезінде жүрегі ұстап қалған әйелді ауруханаға жеткізді

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Орал қаласында көлік жүргізу кезінде жүрегі ұстап қалған әйелді ауруханаға жеткізді

      Сәуірдің 18 күні сағат 10:18 шамасында Деркөл ауылында Окружное шоссе көшесінің бойында патрульдеу кезінде Орал қ.ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция капитаны Нариман Расул мен полиция аға лейтенанты Кәрімов Бақдәулет көліктің есігін ашып көмекке шақырған әйелді байқады.

      Полиция қызметкерлері оған бірден келіп жақындап,мән-жайды сұрайды. Сол сәтте әйел жүрегінің ауырғанына шағымданып, оны ауруханаға жеткізуді өтінеді. Тәртіп сақшылары ойланбастан көмекке келіп, полиция қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекетінің арқасында, әйелді тез арада ауруханаға жеткізеді. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

https://www.instagram.com/p/C56cKZaLbMb/