Жайық өзенінің жайылмасындағы елді-мекендерді эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда

Жайық өзенінің жайылмасындағы елді-мекендерді эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда

Өңіріміздегі Жайық, Шаған, Деркөл өзендері деңгейінің көтерілуіне байланысты жағалаудағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.
-«Қазіргі уақытта Жайық өзенінің жайылмасында орналасқан саяжай учаскелерінің су басу қаупіне байланысты су жанындағы елді-мекендердің тұрғындарын қауіпсіз жерге немесе эвакуациялау пункттеріне көшіру, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ең бастысы – азаматтардың қауіпсіздігі. Сондықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз», - дейді Орал қ. ПБ бастығы полиция подполковнигі А.Абдрахманов.

Су қауіпінен қорғану бағытында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әскери қызметкерлер, жергілікті атқарушы орган, еріктілермен бірге қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, эвакуацияланған елде-мекендердегі азаматтардың мүлкін қорғау үшін тәуліктік кезекшіліктер орнатылып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.