БҚО Полиция департаментінің басшылығы эвакуациялау орындарына барып, жағдайды тікелей бақылауда

БҚО Полиция департаментінің басшылығы эвакуациялау орындарына барып, жағдайды тікелей бақылауда

      БҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Жаншин Жанболат Жасқайратұлы су тасқыны орын алған елді-мекендерде полиция қызметкерлерінің тұрғындарды құтқару бойынша жұмыстарын тікелей өз бақылауына алды. Жалпы Полиция департаменті тарапынан бұған дейін адамдарды судан құтқару жұмыстарына 800-ге жуық астам полиция қызметкерлері мен 130-дан астам қызметтік техника жұмылдырылған болатын. Соның ішінде су басқан аймақтардан полиция қызметкерлері адамдарды қайық және квадроцикл арқылы эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде. Тіпті тұрғындарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстары да жүгізіліп жатыр. Десе де судың келгенін көре тұра, эвакуациялаудан бас тартқан тұрғындар да аз емес.
      Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың басты мақсаты мейлінше адамдарды қауіпсіз жерге көшіріп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан полиция қызметкерлері тұрғындарға эвакуациялық жұмыстарға түсіністік танытып, қарсылық білдірмеулерін сұрайды.
      Жалпы төтенше жағдай кезінде 1155 тұрғын үй және 830 саяжай үйлері су астында қалды.
      Елді-мекендерде 13 068 адам, оның ішінде 5 472 бала қауіпсіз аймаққа көшіріліп, эвакуацияланды.
      Қазіргі таңда облысымыздың Қаратөбе және Шыңғырлау ауданының 7 елді-мекені судың шаюынан көлік байланысынсыз қалды.                                                                                     

      Бүгінгі таңда жағдай тұрақты түрде күрделі және бақылауда.