Полиция қызметкерлері саяжай елді-мекендеріндегі азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде

Полиция қызметкерлері саяжай елді-мекендеріндегі азаматтарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде

      Бүгінгі күні облыс аумағында су тасқыны салдарын жою және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қала маңындағы «Путеец», «Ягодка», «Венера», «Үміткер», «Ивушка», «Кожевник», «Газовик», «Зенит» және т.б. саяжай қоғамдарынан 400-ден астам үй суға кетті.
Орал қаласының жанынан өтетін Жайық өзенінің нақты деңгейі 679 см, қауіпті деңгей - 850 см.деп күтілуде.
Полиция қызметкерлері саяжай елде-мекендердегі азаматтарды эвакуациялау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тәулік бойы адамдарды көшіріп, қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Жалпы Орал қаласының маңындағы саяжай қоғамдарын су тасқынынан қорғау жұмыстарына 180 полиция қызметкері мен 46 қызметтік техника жұмылдырылды.
Елді-мекендерде 500-ден астам адам, оның ішінде 300-ден аса бала қауіпсіз аймаққа көшіріліп, эвакуацияланды.
Қазіргі уақытта облысымыздың 5 жолын су басты, оның ішінде 4 облыстық және 1 жергілікті маңызы бар автожолдар. Салдарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен стационарлық бекеттер орнатылды.
Қазіргі таңда облысымыздың Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау секілді үш ауданның (Дуана, Ақтайсай, Ақтау, Сулыкөл, Үшана, Төлен, Темірбек, Қосбаз, Ақкозы, Қоржын) 10 елді-мекені судың шаюынан көлік байланысынсыз қалды.
Бүгінгі таңда жағдай тұрақты түрде күрделі және бақылауда.

 

https://www.instagram.com/p/C5a2bjOMgVt/