Интернет-алаяқтарынан қалай сақтануға болады?

Интернет-алаяқтарынан қалай сақтануға болады?

      Батыс Қазақстан облысында интернет алаяқтарынан зардап шеккен азаматтарға 28 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. БҚО Полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері 82 қылмыстың бетін ашты. БҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ашкаров Бақыт Ысқақұлы сұхбат беріп, бүкіләлемдік желі арқылы халықтан ақша алудың жаңа және ескі, бірақ әлі де өзекті схемалары, сондай-ақ киберқылмыспен күресу шаралары туралы айтып берді.

      Бақыт Ықсақұлы, қазіргі таңда интернет-алаяқтық мәселесі қандай? Көптеген схемалар бұрыннан белгілі болғанына қарамастан, азаматтар киберқылмыскерлердің құрбаны болып, жинақтарынан ғана айырылып қана қоймай, миллиондаған долларға несиелер толтыруда. Солай емес пе?

  • Өкінішке орай, иә, қаншама профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілсе де, көптеген азаматтар шабуылдаушылардың айла-амалына түсіп жатады. Алаяқтар тек ІТ-технологияларды ғана емес, психологиялық әдістерді де шебер пайдалана отырып, жәбірленушілерді сан соқтырып кетіп жатқаны жасырын емес.

      Кәдімгі қойылған бағыт, алдымен  алаяқтар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, сіздің атыңызға несие толтырылды немесе банк шотыңызға хакерлік шабуыл жасап  немесе біреу ақша ұрламақшы болғанын білген кезде адамды үрей билеп, ақшасын қорғау үшін оны ойланбастан шабуылдаушылардың шотына аударады немесе «AnyDesk», «HopToFesk», «RustDesk», «TeamViewer» секілді қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатады, міне солар арқылы алаяқтар ақшасын иемденіп алады.

      Мұндай қылмыстарды тергеудің күрделілігі барлық жағдайда дерлік алаяқтардың біздің елімізден тыс жерлерден әрекет етумен байланысты болып отыр. Соған қарамастан бұл бағыттағы жұмыстар алға басуда. 2023 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысында киберқылмыспен күресу үшін «Киберпол» пилоттық жобасы енгізілді, оның құрамына үздік жедел уәкілдер мен IT мамандары кірді. Қазір киберполиция бөлімі белсенді жұмыс атқаруда. Өткен жылы олардың көмегімен  82 қылмыстық іс ашылды, оның 23-і ауыр қылмыстар. Жалпы 28 миллион теңгеден астам шығын қайтарылды.

      Киберполицияның жұмысы туралы толығырақ айтып өтсеңіз, полицейлер интернет-алаяқтармен күресу үшін қандай әдістерді қолданады?

      Киберпол қызметкерлері екінші деңгейлі банктердің қауіпсіздік қызметімен тығыз ынтымақтастық орнатып, Қазақстан Республикасының байланыс операторларымен жұмыс тобын құрды. Алаяқтар қоңырау шалған абоненттік нөмірлерін бұғаттау үшін Ішкі істер министрлігіне жіберіледі. Сонымен қатар, біздің қолымызда белгілі бір технологиялар мен тергеу жүргізетін IT сарапшылары бар. Азаматтардың арыз-шағымдарын тексерумен қатар, біз алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, біздің мамандар әлеуметтік желілер мен жарнама сайттарын бақылап, күдікті фактілерді анықтайды.

      Дегенмен, интернет-алаяқтықтың алдын алудың ең жақсы әдісі - халықтың алаяқтардың айла-амалдарына еріп кетпеуі үшін халықтың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру. Бұл бағытта жүйелі түрде ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Біз алаяқтардың барлық схемалары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желідегі полиция департаментінің «policebqo» Инстаграм, Facebook, Telegram парақшаларында және  «Cyberpolice_zko» парақшалары арқылы халық назарына жеткізудеміз. Мемлекеттік және жеке ұйымдарда, оқу орындарында және т.б. халық көп жиналатын орындарда да алдын алу жұмыстарын жүргізудеміз.

      Алаяқтардың жиі құрбаны – зейнет жасындағылар. 

      Банк қызметкері ретінде қоңырау шалғаннан басқа алаяқтар тағы қандай айла-амалдарды қолданып жатады?

         -Көбіне-көп алдаушылардың құрығына егде жастағы адамдар түсіп қалып жатады. Қаскүнемдер олардың үй және ұялы телефондарына хабарласып, олардың жақын туыстарына қауіп төнді деп үрейлендіріп, сөйлесуді тоқтатпай, барлығын эмоционалды түрде жасап, яғни, айқайлап, жылап, сөйлесуді үзбей, туысқандарына қоңырау шалуға мүмкіндік бермейді. Жәбірленушілер өз сөздерінде сөйлескен адамның дауысы туысқандарының дауысына  өте қатты ұқсайтытынын, артынша қалай олардың айтқандарына ілесіп кеткенін аңғармай да қалғанын жеткізді.  Сондай-ақ, алаяқтар туысқандарының қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны және оны  ешкім білмеу үшін  бұл мәселені тез арада шешу қажеттілігін айтады. Тіпті, біздің тәжірибемізде алаяқтар «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дей отырып, бір күнде бірнеше үй телефондарына қоңырау шалғаны туралы факті орын алды. Мәселен,  қаладағы Тайманов көшесіндегі бес қабатты 127-үйдің тұрғындарына бірінен соң біріне хабарласып үлгереді, артынша қоңырау шалғанның екеуі анықталып, қолға түсті.

          Алаяқтық қылмыстарының тағы бір жаңа түрі – авторизациясы бар үшінші тарап сайтына сілтемесі бар байқауға қатысатын жақын туысқанына дауыс беру туралы өтініші бар пошта жөнелтілімі. Жәбірленуші өзінің абоненттік нөмірін енгізгеннен кейін оған алты нөмірлі код келеді. Одан әрі  «Мәзір», «Орнату», «Байланыстырылған құрылғылар», «Құрылғыны байланыстыру», «Телефон нөмірі бойынша сілтеме»  пәрмендеріне кіру қажеттілігін сұрайды және синхрондаудан кейін алаяқтар сіздің мессенджеріңізге кіруге мүмкіндік алады. Мұндай жағдайда хабарламалар бойынша ақпараттың дұрыстығына көз жеткізбей, күмәнді сілтемелерді баспаған жөн.

      «Абоненттік нөмірлерді қайта тіркеу сылтауымен» алаяқтықтың тағы бір жаңа түрі пайда болды. Жәбірленушілерге ұялы байланыс операторының белгісіз өкілі қоңырау шалып, абоненттік нөмірді тіркеу мерзімінің аяқталуына байланысты олар оны жаңарту үшін SMS кодын растаңыз деп хабарласады. Жәбірленушілер білмей, алаяқтардың нұсқауларын орындап, «AnyDesk», «HopToFesk», «RustDesk», «TeamViewer» қосымшаларын немесе шабуылдаушы мобильді банкингке қол жеткізе алатын басқа қашықтан қол жеткізу қосымшаларын орнатады. Осылайша, қаңтар айының басында жәбірленуші Киберполға хабарласып, алаяқтар жоғарыда аталған әдіспен жәбірленушінің атына 2 миллион теңгеге несие толтыртқан.

      Мұндай жағдайларда ұялы байланыс операторының байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы ақпаратты екі рет тексеру қажет. Абоненттік нөмірлердің жарамдылық мерзімі болмайды.

      Қазір әртүрлі инвестициялық қорлардан жоғары пайыздық мөлшерлемелерді уәде ететін көптеген ұсыныстар бар, ал мұндай жарнамаға сеніп, миллиондаған несиелермен қалғандар аз емес. Мұндай ұсыныстар әлеуметтік желілер немесе Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы таратылады, алаяқтар брендтік компаниялардың немесе ұлттық компаниялардың акцияларын төмендетілген бағамен сату туралы жалған жарнамаларды насихаттайды. Бұл жарнамалар ықпалды бизнесмендердің, банк төрағаларының, тіпті жоғары лауазымды шенеуніктердің дауыстарын алмастыру арқылы ұсыныстарымен қоса берілуі мүмкін.Бұл ретте олардың байланыс ақпаратын іздеудің қажеті жоқ, себебі олардың жалған аккаунттарына кіргеннен кейін сіздің контактілеріңіз оларда қалады және олар өздері сізбен байланысады және қомақты соманы инвестициялағаннан кейін шабуылдаушылар ақшамен бірге із-түссіз жоғалады. Ешқашан «тегін пайдаға» алданбаңыз, қырағы және байсалды болыңыз.

      Алаяқтықтың тағы бір салыстырмалы түрде соңғы түрі - бизнес өкілдеріне қатысты.

      Алаяқтар жеке кәсіпкерлерге басқа жеке кәсіпкердің шотын жалға беру арқылы ақша табуды ұсынады.Ақша табу мүмкіндігіне алданып, кәсіпкер қылмыскерлерге өзінің деректемелерін береді, олар кейін интернет-дүкендердегі тауарларды сату туралы жалған жарнамалар бойынша ақша аударымдары кезінде пайдаланады. Оның ішінде Каспий қосымшасында бөліп төлеу немесе несиеге беру де қарастырылған. Нәтижесінде мұндай істер жәбірленуші мен сатып алынған тауардың ақшасы атына түскен жеке кәсіпкердің иесі арасында сот ісін жүргізуге дейін әкеп соғады.

      Жеке кәсіпкерлерге жеке кәсіпкер шоттарының деректемелерін үшінші тұлғалардың пайдалануына беру ұсынылмайды, бұл жағдайда бұл операцияны ресми түрде ресімдеу қажет.

      Сатып алушылар тауарды сатып алғаны үшін төлем шот-фактурасын алған кезде жеке кәсіпкердің деректемелеріне, атауына, қызмет түріне назар аударуы керек. Мысалы, біздің тәжірибемізде «Балалар киімі» жеке кәсіпкерінен сатып алушы автокөлік шинасын сатып алуға арналған төлемге шот-фактура жібергені туралы факті де кездескен.

  • Айтыңызшы, біздің облысымызда азаматтарымыздың, әсіресе қаракөз қыздармыздың сезімімен ойнап, алдап соғатын алаяқтық фактілері орын ала ма?

      – Иә, өкінішке орай, мұндай да фактілер бар. Шабуыл жасаушы әлеуметтік желілерде танысып, жәбірленушінің сеніміне әбден кіреді. Содан кейін қымбат сыйлық бергісі келетінін айтып, құнды сәлемдеме жібергенін айтады, Кейін оған курьер, шекарашы немесе пошташы, кедендік баждарды есептеу, шетел валютасын айырбастау және т.б.секілді қызмет өкілдері ретінде алаяқтың сыбайластары хабарласып, құнды затты жеткізу үшін ақшалай қаражат сұрайды. Сөздеріне лажсыз сенген жәбірленуші ақшасын қалай салып жібергенін де байқамай қалады.

      Сондай жағдайдың бірі, жуырда облыс тұрғыны әлеуметтік желіде өзін Ұлыбритания азаматымын деп таныстырып, , жәбірленушінің сеніміне кіріп, сезімін пайдаланып, оған сыйлық ретінде 80 000 АҚШ долларын жібергендей болады. Нәтижесінде жәбірленген азаматша оны алу үшін Түркия елінің азаматының шотына 13 млн теңге көлемінде ақшасын жіберген.   

     Сұхбат соңында тағы бір рет еске салғым келеді, банк қызметкерлері ешқашан клиенттерге қоңырау шалмайды және олардан қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатуды талап етпейді, егер сізге мұндай қоңырау түссе, дереу телефон тұтқасын қойып, байланыс орталығына немесе полицияға хабарласқаныңыз жөн.

      Егер Сізге күдікті біреу қоңырау шалса немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу «CYBERPOLICE сенім телефонына» 92-19-06, 8-771-249-57-59 ұялы телефонына немесе 102 операторына хабарласыңыз. Сондай-ақ, «Cyberpolice_zko» Instagram парақшасына жазылуға болады. Мұнда құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында ақпараттық материалдар тұрақты түрде жарияланып тұрады.