Жеңімпаз - Құралай

Жеңімпаз - Құралай

23-26 қараша күндері Семейде даңқты қолбасшы, дарабоз батыр Қаракерей Қабанбай батыр құрметіне «Қабанбай батыр мемориалы» самбо күресінен Қазақстан Республикасы кубогы өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа еліміздің әр өңірінен 308 балуан 9 салмақ дәрежесінде қатысты.
Ерлер мен әйелдер арасында спорттық және жауынгерлік самбо күресі сайысында Батыс Қазақстан облысы ПД ЖҚАЖ полиция қызметкері Құралай Қабырайқызы 54 келілік салмақ дәрежесінде қатысып, жүлделі І орынды иеленді.
Бұл ержүрек қыздың алғашқы жеңісі емес. Ол самбодан ҚР спорт шебері. 2016 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері.
2018, 2019 жылғы Ішкі істер қызметкерлері арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы; 2019 жылғы қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионатының қола жүлдегері және 2019 жылғы қоян-қолтық ұрыстан бесінші халықаралық турнирдің күміс жүлдегері; 2023 жылы Астана қаласында қыздар арасында жауынгерлік самбодан Азия чемпионатының қола медаль иегері, Қазақтан чемпионатының жеңімпазы; қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы ІІМ спартакиадасының алтын жүлде иегері.
БҚО ПД басшылығы мен әріптестері Құралайды жеңісімен құттықтап, қызметіне жетістіктер және спортта жаңа белестерді бағындыруды тілейді.