
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу қашан да басты назарда. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осыған орай Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде облыстық Білім басқармасы, Орал қалалық білім беру бөлімі және Орал қаласының колледж, мектеп директорларымен бірлескен кездесу өтті. Кездесуге департамент басшылығы, жергілікті полиция қызметі, криминалдық полиция, есірткіге қарсы күрес, ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге қарсы күрес басқармаларының басшылары, ювеналдық және криминалдық полиция бөліністерінің жеке құрамы қатысты.
Әрбір адамның өмірде толыққанды тұлға болып қалыптасуында құқықтық тәрбиенің алар орны ерекше. Тәрбиенің сан қырын қарастырсақ та құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық көш ілгері болмақ. Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе бүгінде көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылуда. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз.
-«Ағымдағы жылдың 10 айынының қорытындысы бойынша жүргізілген талдауға сәйкес кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 26,1% - ға өсті (69-ден 87-ге дейін), олардың ішіндегі 7-еуі эпизодтың істер. Қылмыстың басым бөлігі, яғни 42,6% (54-тен 77-ге дейін) Орал қаласында орын алған. 82 кәмелетке толмаған жасөспірім 87 қылмыс жасаған, оның 48-і оқушылар (30 колледж оқушысы, 13 орта мектеп оқушысы және 5 жоғары оқу орындарының студенттері).Есірткі сипатында (ҚК 296-б. 2-б. есірткі, психотропты заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) 4 кәмелетке толмағандардың тарапынан жасалған 4 қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодексінің 81-б. 7-т. сәйкес кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдерге 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылу жазасы көзделген. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстарды 12,9%-ға (124-тен 108-ке дейін) төмендетуге қол жеткізілді. Бүгінгі таңда Орал қалалық білім беру ұйымдарының қабырғасында 14 қылмыс орын алған. Олардың ішінде: 8 ұрлық, 1 ұсақ ұрлық, 2 алаяқтық, 1 орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру, 1 бұзақылық, 1 балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамаусалдарынан орын алып отыр» - деп көрсетті Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Арман Оразалиев.
Одан әрі кездесу барысында Орал қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Арман Құсайынұлы және Орал қалалық білім бері бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Индира Сапарқызына қала бойынша орын алған жасөспірімдермен жасалған құқықбұзушылықтар жөнінде өз баяндамасында тоқтатылып өтті. Сондай-ақ, жасөспірімдермен жұмыс кезінде ерекше қызметімен көзге түскен қызметкерлер марапатталып, көпке үлге етілді.
Жоғарыда айтылғандай, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауының себептеріне кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның, прокурорлық қадағалау, полиция, сот-тергеу органдарының қызметін жетілдіру шаралары көзделіп, кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың тиімділігін арттыру үшін барлық құқық қорғау, мемлекеттік басқару органдарының, балалар мен жасөспірімдер мәселелерімен айналысатын жастар және қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің өзара ықпалдасуын, қызметтерін үйлестіру жөнінде кешенді шараларды әзірлеу қажет. Осыған байланысты кездесу соңында одан әрі бірлескен жұмыстарды жандандыру қажеттілігі, соның ішінде бірлескен іс-шаралар жоспарын ұйымдастыру, мектеппен тығыз қарым-қатынастағы инспекторлардың жұмыстарын бірізділендіру қажеттілігі айтылды.
БҚО ПД баспасөз қызметі