Ағымдағы жылғы қазан айының 5 мен 9 күндері аралығында Алматы қаласында IPSC-тен практикалық атыс бойынша ашық чемпионат өтті. Республика көлемінде өткізілген спорттық іс-шараға әр өңірден арнайы бөліністің полиция қызметкерлері, сондай-ақ спортшылар қатысты. Жарысқа жалпы22 команда және 261 спортшы қатысты.
Жарыс арнайы атыс алаңында өтті. Аталған сайысқа Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің спортшылары да ат салысып, өз үлестерін қосты.
Практикалық қолданбалы әдіс түрлері бойынша оздырылған сайыста БҚО ПД намысын қорғаған жылдам қимылдайтын арнай жасақ құрама командасы жүлделі 2 орын алды.
Жарыс IPSC қолданбалы атыс түрлері бойынша Қазақстан ассоцияциясының мүшесінің бас төрағалығымен өтті.
Жарыста қатысушылар қаруды меңгерудің жоғары шеберлігін көрсетті. Сайыс 12 кезең бойынша тартысты өтті. Нәтижесінде жеке біріншілікте жүлделі 1 орынды – БҚО ПД ЖҚАЖ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Сағадат Гауһар Сағадатқызы иеленсе, жүлделі 2 орын БҚО ПД ЖҚАЖ аға инспекторы полиция подполковнигі Рахметова Альфия Жолдыгалиевнаға және 3 орын БҚО ПД ЖҚАЖ взвод командирі полиция капитаны Мостиков Ахмет Сапарұлына бұйырды.
Чемпионатқа қатысушылар жарыс соңында грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.