Ол отаны Кения Республикасында жасату бойынша мәміле жасасқан.
30 шілде күні ІІМ-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің жетекшілік етуімен БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Көліктегі ПД қызметкерлері бірлесе отырып, адам органдарын сату әрекеті тоқтатылды.
Анықтау барысында 1990 жылғы «А» есімді Орал қаласының тұрғыны отбасылы азамат, вахталық әдіспен жұмыс істейді. Ақшалай қаражаттың жетіспеушілігінен өзінің бүйрегін сатпақ болған.
Ағымдағы жылдың мамыр айында аталған азамат халықаралық интернет-сайтта ақшалай сыйақы үшін трансплантацияға арналған "бүйрек" органын сату туралы хабарландыру жариялаған. Оған Телеграм каналы арқылы Алекс және Мария есімді сайттың екі қызметкері байланысқа шығып, ортақ мәмілеге келу арқылы құны 20 000 АҚШ долларын құрайтын отаны Кения Республикасында жасауға келіскен. 2 ай бойы 1990 жылғы «А» есімді азамат медициналық орталықтарда тапсырған талдау нәтижелерін Телеграм каналы арқылы жіберіп отырған. Шетелдік азамат оған жол жүру, электронды виза үшін ақша жіберген. 30 шілде күні полиция қызметкерлері аталған 1990 жылғы «А» есімді азаматы Алматы қаласындағы әуежайдың ұшу айлағынан ұстады. Одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін азамат Орал қаласына жеткізіліп, ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 116 бабы 1 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою)