БҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп "Браконьер" жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында ақбөкен дериваттарының заңсыз айналымымен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.
Қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция ағымдағы жылдың 1 наурызында жүргізілді. Тінту барысында ақбөкеннің екі мыңнан астам мүйізі табылып, тәркіленді.
- ҚР ҚК 339-1-бабында көзделген қылмыс жасады деген күдік бойынша 5 адам Орал қ.ПБ-ға жеткізілді (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу).
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеудің қалған мән жайлары жария етілмейді.