Орал қаласының Полиция басқармасы Абай полиция бөлімінің қызметкерлері қаңтардың 23-інен 24-іне қараған түні орын алған адам өлтіру фактісін анықтады.
Сол күні 1966ж.т. және 1970 ж.т. екі таныс ішімдік ішіп, кейін 1966ж.т. жәбірленушінің үйінде жалғастырмақшы болған олар жол-жөнекей сөзге келіспей, үйдің алдында екеуі жұдырықтасып, 56 жастағы азаматқа дене жарақатын салған. Жерге құлаған жәбірленуші сол жерде көз жұмған. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.
Үйдің айналасы темір қақпамен қоршалғандықтан, аула ішінде 2 күн жатып қалған адамды ешкім байқамайды.
Қаңтардың 26-сы күні күдіктінің өзі полиция қызметкерлеріне хабарласып, таныс досының ессіз жатқанын айтады. Дереу іске кіріскен полиция қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, барлық айғақтарды жинап, кісі өліміне полицейлерді шақырған танысының қатысы бар екенін анықтап, қолға түсіреді.
Қазіргі уақытта аталған 1970ж.т. күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.