2022 жылғы 1 қыркүйекте Орал қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына кешенді көмек көрсету жөніндегі орталық ашылды. Оның мақсаты - бір жерде бірыңғай медициналық, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және полиция көмегін көрсету. Орталықта психолог, тергеуші және медициналық сарапшы үшін жеке кабинеттер ашылған. Орталықтың жұмысы мән-жайларды уақтылы анықтауға және қылмыстарды ашуға ықпал етеді және ең алдымен жәбірленушілерге психологиялық жарақат алудың алдын алуға әсер етеді деп болжанады.