Түнгі қаладағы балалар

Түнгі қаладағы балалар

Орал қаласы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, нашақорлықтың алдын алу және кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде беймезгіл жүруін қадағалау мақсатында көшелерде түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде.

Рейд барысында кафе, дүкен иелері кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге ішімдік, темекі сатпауы жайлы тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер анықталып, тиісті жұмыстар атқарылып, ата-аналарына ескерту жұмыстары жасалып жатыр.

Құрметті, қала тұрғындары мен жастары!Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз жүрмеуін қадағалауларыңызды сұраймыз.