Жыл басынан бері "102" арнасына 79 895 хабарлама келіп түскен

Жыл басынан бері "102" арнасына 79 895 хабарлама келіп түскен

Ағымдағы жылдың басынан бері БҚО ПД,Орал қ.ПБ Жедел басқару орталығының "102" арналары бойынша әртүрлі сипаттағы 79 895 хабарлама келіп түскен. Оның ішінде 3 217 қылмыспен байланысты.
- Өткен аптада Жедел басқару орталығының сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен 267 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 25 ұсақ бұзақылық, 23 қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, 217 жол қозғалысы ережелерін бұзу және 2 басқа да құқықбұзушылықтар анықталды,- деп атап өтті БҚО ПД, Орал қ.ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері.
Тұрғындарға ескерткен ескертулерге қарамастан құқықбұзушылықтар орын алуда. Мәселен, тұрғындардың арнайы белгіленген жаяу жүргіншілер жолағынан өтпей, белгіленбеген жолдан өтеді. Мұндай жол ережерелерін бұзу өзінің өміріне қауіп екенін түсінбейді және соның салдарынан жол апаты орын алады. Мұндай жол ережелерін бұзған тұрғындарға ҚР ӘҚБтК 615 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылады.
Сондай-ақ тұрғындарға қоғамдық орында ортақ пайдаланылатын орындарды ластау
бойынша 434 бабы 2 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылатынын ескертеміз.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Жедел басқару орталығының сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен 9 528 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 1 498 ұсақ бұзақылық, 762 қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, 7 152 жол қозғалысы ережелерін бұзу және 116 өзге де құқық бұзушылықтар анықталды.
БҚО ПД,Орал қ.ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері барлық азаматтарды жол ережелерін қатаң сақтап, қоғамдық орында мәдениеттілікті сақтауды сұрайды.