2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 157 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 157 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 157 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде өткізу мақсатынсыз, шағын және ірі мөлшерде есірткі құралдарын сақтағаны үшін ҚР ҚК 296-бабы 2-3-бөлігі бойынша 59 қылмыс және 98 қылмыстық теріс қылық анықталды.
Анықталған 59 есірткі қылмысының 21 фактісі, аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын сақтаудың 17 фактісі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге тыйым салынған заңсыз өсірудің 7 фактісі, есірткі контрабандасының 12 фактісі және есірткі құралдарын насихаттаудың 2 фактісі.
Заңсыз айналымнан 37 келіден астам есірткі құралдары мен психотроптық заттар алынды, оның ішінде:
2022 жылғы 15 ақпанда Орал қаласы Покатилов көшесі бойында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 2003 ж. т., азамат ұсталды. Ол есірткі заттарын таратумен айналысқан. Оқиға орнынан ашық түсті ұнтақ тәрізді затпен 6 түйір алынды, сарапшының қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 31,65 гр "меткатинон" есірткі құралы екені анықталды.
Ағымдағы жылдың 8 маусымдағы сот үкіміне сәйкес есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сатқаны үшін (ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген),азамат Қылмыстық Кодекстің 74-бабы тәртібінде жазаны 2027 жылғы маусымға дейін кейінге қалдыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.