Меморандумға қол қойды

Меморандумға қол қойды

Құқық қорғау, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылын дамыту мемлекеттің ғана емес, ҚР әрбір азаматының, азаматтық қоғам институттарының аса маңызды міндеті.
Батыс Қазақстан облысында бүгінгі таңда 600-ден астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, олардың жиырмаға жуығы әртүрлі бағыттар бойынша полиция қызметкерлерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Бүгінгі күні тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және өмірлік қиын жағдайда отбасыларға көмек көрсету мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.
9 тамызда БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Мерхат Аженов "Өңірлік әйелдерді қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігімен меморандумға қол қойды.
Осы меморандумның негізгі мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, өмірлік қиын жағдайдағы, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасыларды қолдау, зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерінде қыздар мен қыздардың әлеуетін күшейту мәселелері бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру.