"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ"

"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ"

28 шілдеде БҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің әлеуметтік кәсіпкерлік комитеті полиция департаментінің бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының алаңында мемлекеттік органдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының шақырылуымен "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша әйелдерге қатысты, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы БҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы полиция майоры Диляра Махмудовна Сатарова айтып берді.
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы" КММ директоры Жүніс Талшынай Орынбекқызы өз баяндамасында орталықта көмек алу үшін онда тұрудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Мамандар (28-56-00, 87479189445, 87028359939) телефондары бойынша кеңес береді.