Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес

2022 жылғы 26 шілдеде БҚО ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Жаншин Жанболат Жасқайратұлының төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Кеңеске ПД басқармаларының, облыстың қалалық және аудандық бөлімшелерінің бастықтары қатысты. Күн тәртібіне ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ПД жедел-криминалистикалық бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері туралы мәселе талқыланды. Кеңесте облыстың аумақтық криминалистикалық бөлімшелерінің негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ қылмыстарды ашу мен тергеуде қолданылатын жаңа технологиялар туралы ақпарат жеткізілді, бұдан басқа проблемалық мәселелер талқыланды және оларды шешу жолдары қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша криминалистердің жұмысына баға беріліп, қызметті одан әрі дамыту үшін ПД басшылығынан нақты нұсқаулар алынды.