2021 жылғы 30 қыркүйекте ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының, ҚР ҰҚКД Терроризмге қарсы орталығының және БҚО білім басқармасының қызметкерлері "Zoom"платформасында қосыла отырып, Батыс Қазақстан облысы колледждерінің басшылығымен, оқытушыларымен және 1 және 2 курс оқушыларымен төтенше жағдайларда халықты терроризмге қарсы дайындау және мінез-құлық бойынша сабақтар өткізді.
Осы сабақта бейнероликтер көрсетіліп және "Терроризм актісі және төтенше жағдайлар қаупі кезінде халықтың іс-қимылы бойынша" нұсқаулықтар толық түсіндірілді.
ҚР ҚК 273-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратуға жол бермеу туралы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы жеткізілді.
Басшыларға Қазақстан Республикасының ТТО объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы саласындағы заңнамасы, сондай-ақ Қазан қаласының (11.05.2021 Ж.) және Пермь қаласының (20.09.2021 Ж.) оқу орындарында болған қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында сеніп тапсырылған объектілерге бөгде адамдардың кіруін болдырмау бойынша барлық толық шараларды қабылдау түсіндірілді.
Түсіндіру жұмыстарымен колледждердің 4000-ға жуық оқушысы қамтылды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.