"Жасөспірім"

"Жасөспірім"

      Батыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы жылдың 13-19 қыркүйек аралығында "Жасөспірім"жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

      Іс - шараның негізгі мақсаты-жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу.

      Білім беру органдарымен бірлесіп оқу орындарының (мектептер, колледждер) оқушыларымен кездесулер кестесі әзірленді. Олардың барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған дәрістер, әңгімелесулер, құқықтық тәрбие, қоғамдық орындарда, бейтаныс адамдармен мінез-құлық қағидалары, жанжал жағдайлары, бейнематериалдарды пайдалана отырып, ақпараттық бюллетеньдерді тарату және орналастыру, құқықтық көмек көрсету және консультациялар өткізу жоспарланған.