ІІО ардагерлерімен тәлімгерлік кездесу

ІІО ардагерлерімен тәлімгерлік кездесу

Құқық қорғау саласында қызмет ететін әрбір жас буын үшін бірнеше жыл білім алғаннан бөлек аға буынның ақылы мен тәжірибесі аса қажет. Әрбір қылмысты ашуда кішкене ғана нәрсеге дейін назар аудару, ілік таба білу, оның “ізін суытпай” ашу үшін көп нәрсені үйренуді қажет етеді. Әрине, бұдан бөлек “Жұртқа жақын полицейдің” қоғамдағы рөлін нақ ұғына білу қажет. Бүгін осы тақырыпта БҚО Полиция департаментінің жас қызметкерлері ІІО ардагерлерімен кездесті. Бірнеше жыл ел игілігіне қызмет етіп, халық қошеметіне бөленген ардагерлеріміз дара және сара жолын жалғайтын жас қызметкерлерімізге өзіндік тәлім-тәрбиелерімен бөлісті. Ардагерлеріміз ІІО саласында абыройлы қызмет етіп, өшпестей із қалдырып, бүгінде барша жанның есінде “құрметті” азаматтар болып қала бермек.

БҚО ПД баспасөз қызметі