"Жолда қабылдау" акциясы

"Жолда қабылдау" акциясы

Азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру, консультациялық құқықтық қолдау көрсету, сонымен қатар көлік құралдарын тіркеу, әкімшілік айыппұлдарды төлеу, көші-қон заңнамасын сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және басқа да мәселелер бойынша ағымдағы жылдың 18 - 19 маусым күндері аралығында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өткізіледі.

Акцияны өткізу кезеңінде БҚО ПД басшылық құрамына @policebqo парақшасынан Instagram әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде (күн сайын сағат 10:30-да, 15:00-де), сондай-ақ @up_uralsk парақшасынан (күн сайын сағат 10:00-де, 15:30-да, 17:00-де) сұрақтарыңызды қоя аласыздар.

БҚО ПД баспасөз қызметі