"ТҰРМЫС" жедел алдын алу іс-шарасы

"ТҰРМЫС" жедел алдын алу іс-шарасы

Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын жою бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан бұл мәселе әлі күнге дейін  ашық күйінде қалып отыр.

Қылмыстық жағдайды сауықтыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 2021 жылғы  9-16 маусым аралығында республика аумағында "Тұрмыс" жедел профиликтикалық іс-шарасы өткізіледі.    

ЖПІШ-нің мақсаты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, "қорғау нұсқамасы", "ерекше талаптар", "маскүнем", "нашақор" және қолайсыз отбасылар санаттары бойынша есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша 100% қамту арқылы тексерулер жүргізу болып табылады.

Қазіргі уақытта осы санат бойынша ІІО-да есепте тұрған азаматтар саны -, соның ішінде қорғау нұсқамасы берілген тұлғалар – 167, құқық бұзушының мінез - құлқына ерекше талап қойылған тұлғалар -119, 440 кәмелетке толмаған тәрбиеленетін қолайсыз отбасы - 231, маскүнем санатына жататын тұлғалар – 1312 және нашақор -250.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың фактісі бойынша келесі шаралар қабылданды: 247 қорғау нұсқамасы шығарылды, құқық бұзушылық тәртібіне 33 ерекше талаптар орнатылды және 908 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыстың ІІО қызметкерлері денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық нәтижесінде зардап шегіп, медициналық мекемелерге жүгінген азаматтарды анықтау бойынша жұмыстар ұйымдастырды.

Батыс Қазақстан облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының ІІО-да есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен қолайсыз отбасы мүшелерімен жұмыстану ісіне ҮЕҰ мен волонтерлер тартылды.

Волонтерлік топтар өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға спорттық секцияларға, үйірмелерге қатыстыра отырып көмек көрсетті. Есепте тұрған ата-аналар мамандар әр түрлі кеңестер алды.

БҚО ПД баспасөз қызметі