БҚО-да азамат соғысы кезінен қалған 6 снаряд табылды

БҚО-да азамат соғысы кезінен қалған 6 снаряд табылды

Оқиға 8 маусым күні Ақжайық ауданы Бударин ауылында болды. Сағат 11.45-те 1963 жылғы ауыл тұрғыны Жайық өзенінің ескі арнасынан қара металл жинау кезінде азамат соғысы кезінен қалған алты артиллериялық снаряд тауып алған. Бұлардың ұзындығы 30 см, диаметрі 8,5 см.
Табылған снарядтар белгіленген тәртіппен жойылатын болады.
 
БҚО ПД баспасөз қызметі